Logo

Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы

Ұлттық медициналық холдинг

Білім беру қызметі


«Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) жоспарлы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық шұғыл көмек көрсететін, жетекші республикалық ғылыми-әдістемелік және үйлестіруші орталық бола отырып академиялық сағаттарының ұзақтығы 864 және 1080 қайта даярлау циклдерін, академиялық сағаттарының ұзақтығы 54, 108, 162 және 216 біліктілікті арттыру циклдерін өткізеді. Ұсынылып отырған оқыту бағдарламасы жоғары және орта медициналық білім беру мамандарына бағытталған және есептелген отандық денсаулық сақтау жүйесі үшін басты кең спектрды қамтиды.

Сонымен қатар Орталықтың профессорлық-оқытушылық құрамымен мейірбике істері бойынша ұзақтығы 38 сағат семинар өткізеді (38 қосымша бірлік сынағы).

Оқыту циклдері мен семинарлардың өткізілу күндері оқуға өтінімдердің келіп түсу шамасына, сонмен қатар топтардың қалыптастырылуына қарай анықталады. Оқу аяқталысымен тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

Сондай-ақ Орталық біліктілікті арттыру көшпелі циклдерін ұйымдастыру бойынша Сіздердің ұсыныстарыңызды қарауға дайын. Ұсынылған оқу бағдарламаларын құру тапсырыс беруші-ұйымның ұсынысатры мен қажеттілігін есепке ала отырып қалыптастырылуы мүмкін.

«Назарбаев Университет» ДББ және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ еншілес ұйымдарының ("University Medical Center" корпоративті фонды) қызметкерлеріне білім беру қызметтеріне 30% жеңілдік беріледі.

Оқуды жүргізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша emergency@mail.ru. электрондық мекенжайына, 8 (7172) 702959, факс 54-32-56 (64) телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.

Құжаттар тізбесі

  1. Өтініш
  2. Курсанттың карточкасы
  3. Жеке куәлігі (көшірмесі)
  4. Кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі
  5. Дипломның көшірмесі
  6. Маманның сертификаты (көшірмесі)
  7. Біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы куәлігі (көшірмесі).

BLS оқуы бойынша хат

2016 жылға қайта даярлау циклдерінің жоспары бойынша хат

2016 жылға біліктілікті арттыру жоспары бойынша хат

2016 жылға тағылымдама бойынша хат

Біліктілікті арттыру бойынша хат


Ақылы білім беру қызметтерінің баға көрсеткіштері