Logo

Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы

Орталық туралы


1_20150227114452816.jpg

Бүгінгі күнге дейін «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы»АҚ – бұл Қазақстан Республикасында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, ал жеке клиникалық бағыт бойынша және Орталық Азия аумағында 7 жыл бойы жетекші мекеме болып қалатын төртінші деңгейдегі қуатты көп бейінді стационар.

Біздің орталықтың қабырғасы құрылғаннан бері барлық кезең бойы 50 000-нан астам пациент емділіп шықты, кем дегенде 40 000 жедел араласулар жүргізілді, оның ішінде 1000-нан астамы бірегей жедел араласулар. Іс жүзінде Орталықтың барлық негізгі клиникалық персоналы (233 адам) АҚШ, Жапония, Корея, Германия, Бельгия, Италия, Швейцария және жақын шетелдердің ең ірі медициналық орталықтарынан тағылымдамадан өтті. 2013 жылдан бастап біздің мамандардың тәлімгерлік етуімен 6 мамандық бойынша 30-дан астам резиденттер шығарылды.

Біздің мамандардың жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігі, Орталықтың бекітіліп жаңартылған материалдық-техникалық базасы тексеруді анық жоғары деңгейде жүргізуге және ең ауыр клиникалық жағдайдағы ауруларды дигностикалау мен емдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Орталықтың штатында жұмыстың мол тәжірибесін білетін және диагностика мен емдеудің әлем бойынша жетекші клиникаларында мақұлданған заманауи әдістерін меңгерген медицина ғылымдарының кандидаттары мен докторлары, жоғары санаттағы дәрігерлер.

Республиканың барлық өңірлері үшін телемедициналық конференцияның көмегімен аурудың кең көлемді өрісі бойынша консультация жүргізу ретінде Орталықтың дәрігерлеріне сұраныс өте жоғары. Сондай-ақ біздің мамандар Орталықтың базасында жоғары мамандандырылған медицианлық көмек көрсету үшін республиканың әр өңірлерінен науқастарды санитарлық авиация желісі бойынша алып жүруді де жүзеге асырады.

Біздің жетістіктеріміз – бұл барлық ұжымның жұмыстағы қажымас еңбегінің нәтижесі. Біз тек бұл жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз – біз Сіздер үшін жетілдірілеміз және дамып, өсе береміз және біздің жоспарымыз өте зор!

Бізге көмек сұрап хабарласа отырып, Сіз біздің ұйымды жоғары кәсіби және ұйымшыл тұлғада медициналық күтімнің сапасы мен нақтылығы, кәсіби істің оңтайлы үйлесімі не екенін білесіз!

Орталықтың тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 маусымдағы қаулысына сәйкес 2009 жылы 24 қазанда Ұлттық медициналық холдингтің құрамында есігін айқара ашқан, «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы құрылған болатын.

Ұлттық медициналық холдингтің 2014 жылғы 7 ақпандағы Директорлар кеңесінің шешімінің негізінде Орталық «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ болып атауы өзгертілген болатын.

Орталықты құрудың мақсаты жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті медициналық көмек ұсыну, сондай-ақ медицина ғылымы, білім беру мен тәжірибе саласында заманауи технологияларды енгізу мен кеңейту.

Орталықтың тұжырымдамалық үлгісі көп бейінді стационар пішіндегі Назарбаев Университетінің Медицина мектептеріне арналған өзінің заманауи клиникалық базасын ұсынды.

Бұл үлгіні тұрғызуға арналған құрал Онкогематология сияқты бағыттардың тиімді дамуы кезінде Орталықтың Клиникалық және Ғылыми-білім беру қызметінің тандемі болып табылады. Трансплантология, Ортопедия, Қантамыр, Көп бейінді және Торакоабдоминалды хирургия, Кардиология с аритмологией, Гепатология, Жалпы терапия.

Сонымен қатар ерекше рөл Қазақстан Республикасының санитарлық авиация желісі бойынша өңірлерден келген пациенттреге, оның ішінде гестация мерзімі 32 аптаға дейінгі жүкті әйелдерге және туғаннан кейінгі экстрагениталды асқынулары бар пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде, Орталықтықтың қатысуына байланысты әлеуметтік-маңызды жобаларға апарады.

Орталықтың оңтайлы құрылмы бұрынан келе жатқан клиникалық базада 990 бірлік персоналдың штаттық санымен және төсек қорының қуаттығы 210 төсек, көрсетілген бағытта тиімді дамуға мүмкіндік береді.